6 -нұсқа
1.Заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін
ғылым:
А)Этнология
В) Геральдика
С) Зоология
Д) Археология
Е) Антропология
2.«Менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» -деп жеріне басқаны жолатпаған:
А) Ғұн тайпа көсемдері
В) Сақ тайпа көсемдері
С) Қаңлы тайпа көсемдері
Д) Үйсін тайпа көсемдері
Е) Қытайлар
3.Ежелгі Үйсін мемлекеті билеушісінің лауазымы:
А) Патша
В) Хан
С) Қаған
Д) Шаньюй
Е) Гуньмо
4.Екінші алтын адам табылған жер:
А) Бесоба
В) Шілікті
С) Берел
Д) Аралтөбе
Е) Бесшатыр
5.Ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастартардан жасалған
құралдың аты:
А) чоппер
В) чоппинг
С) қол шапқы
Д) микролит
Е) бифас
6.Қаңлыларда отырықшылық дамыған өңір:
А) Талғар,Талас бойы
В) Арал,Ташкент төңірегі
С) Қаратаудан Ілеге дейі
Д) Шу,Іле бойы
Е) Есіл,Ертіс бойы
7.Ғұндардың Қазақстан аумағына жылжуын басқарған билеуші:
А) Мөде
В) Чжи-Чжи
С) Руғила
Д) Аттила
Е) Маодун
8.Энеолит кезеңі бұл:
А) Орта тас ғасыры
В) Жаңа тас ғасыры
С) Ерте тас ғасыры
Д) Мысты-тас ғасыры
Е) Ерте палеолит
9.Мысты-тас дәуірінің Солтүстік Қазақстан аумағынан табылған қонысы:
А) Ботай
В) Пеньки
С) Мұзбел
Д) Шебір
Е) Алексеев
10.Сақ қоғамында айрықша бас киімі мен тостағаны танымал белгісі
болған топ мүшелері:
А) Жауынгерлер
В) Әскербасылар
С) Егіншілер
Д) Малшылар
Е) Абыздар
11. Сармат қоғамының сипатын анықтаңыз:
А) Рулық
В) Алғашқы қауымдық
С) Әскери-демократиялық
Д) Әскери- аристократиялық
Е) Монархиялық
12.«Жу патшасының тарихы» шығармасында қаңлылар туралы жазылған мәлімет:
А) Көптеген елдермен сауда байланысын
В) Көшпелілердің өмірі мен тұрмысын
С) Қытаймен соғысын
Д) Билеушілер тарихын
Е) Мемлекеттің құрылған тарихын
13.Қаратау үңгірінен табылған жуан емес ағашты кесетін еңбек құралы:
А) Екі жағынан қырланған құрал
В) Бір жағынан қырланған құрал
С) Жіп байланған тас құрал
Д) Ирек ара секілді,жүзі өткір құрал
Е) Сүйектен жасалған сүңгі
14.Қаңлылар Қытайға қарсы ғұндармен әскери одақ құрған уақыт:
А) Б.з.б. 36-26 ж.ж
В) Б.з.б. 56-66 ж.ж
С) Б.з.б. 46-36 ж.ж
Д) Б.з.б. 26-16 ж.ж
Е) Б.з.б. 16-6 ж.ж
15.Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің аталуы:
А) Мұртты қорғандар
В) Патша қорғандар
С) Таңдаулы қорғандар
Д) Биік қорғандар
Е) Алып қорғандар
16.Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағының ерекшелігі:
А) Үңгірдің қабырғасына ойма суреттер бейнеленген:
В) Ең көне неолиттік тұрақ
С) 300-ге таяу тас құралдар табылған
Д) Ең көне энеолиттік тұрақ
Е) 70 мың жылқы сүйегі табылған
17.Б.з.б І ғасырдың ортасында ғұн мемлекетінде орнаған жағдай:
А) Қытайды жаулады
В) Екіге бөлінді
С) Ұлы қоныс аудару басталды
Д) Көрші тайпаларды бағындырды
Е) Мөде қайтыс болды
18.Қытай императоры У-Дидің Батыс елдеріне елшілік жіберген жыл:
А) Б.з.з. 108 жылы
В) Б.з.з. 168 жылы
С) Б.з.з. 158 жылы
Д) Б.з.з. 138 жылы
Е) Б.з.з. 148 жылы
19.Бөріқазған және Тәңіріқазған тұрақтатарының ерекшелігі:
А) Еңбек құралдары Африкадан табылған құралдармен ұқсас
В) Үңгірдің қабырғасына ойма суреттер бейнеленген:
С) Ең көне неолиттік тұрақ
Д) 80 мың жылқы сүйегі табылған
Е) Бірнеше рет қоныстанған,бес қорымы бар
20. Мәтінде сипатталған тайпаны анықтаңыз:
«Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді…Найза,қылышпен
қаруланған,садақты жақсы атады,бәрі шетінен құралайды көзінен
тигізетін мерген келеді.Олардың найзасының ұшы,жебе және қылышы
мыстан жасалған;бас киімдер мен белдіктері,ертұрмандары алтынмен
әшекейленген.Сонымен қатар олар аттардың сауытын да мыстан
жасайды.Темір мен күмісті пайдаланбайды,себебі бұл металдар олардың
елінде өте аз,алтын мен мыс керісінше өте көп.Олар егін екпейді,үй
малдарын және Аракс өзенінен аулайтын балықтарды азық етеді.Сүт
ішеді.Құдайлардың арасында күнге табынады,оған жылқыны
құрбандыққа шалады.Бұл құрбандықтың мәні:«құдайлардың жүйрігі күн
болса,жануарлардың жүйрігі жылқы»дегенге саяды»:
А) Ғұндар
В) Сақтар
С) Сарматтар
Д) Үйсіндер
Е) Қаңлылар