Қазақстан тарихы – сұрақтары мен жауаптары 6 сынып – 4 нұсқа

Жарнама материал

                                      

                        4-нұсқа

1.Сақ мәдениетінің өркендеуіне әсерін тигізген мемлекет :

А) Иран 

В) Ресей

С) Рим

Д)  Египет

Е)  Византия

2.Ерте темір дәуірінде Қазақстанның батысында шөлді аудандарда көп 

өсірген малдың түрі:

А) Жылқы

В) Қой

С) Түйе

Д) Ешкі

Е) Сиыр

3.Савроматтар туралы дерек қалдырған:

А) Ксенофонт

В) Полибий

С) Помпей Трог

Д) Арриан

Е) Ктесий

4.Қола дәуірінің Петровка қонысы орналасқан аумақ:

А) Оңтүстік Қазақстан

В) Солтүстік Қазақстан

С) Орталық Қазақстан

Д) БатысҚазақстан

Е) ШығысҚазақстан

5.Б.з.б 200 -35 мың жыл аралығында өмір сүрген адам атауы:

А) Епті адам

В) Кроманьон 

С) Синантроп

Д) Неандерталь

Е) Австролопитек

6.Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын қоныс:

А) Кеңөткел

В) Пеньки

С) Сексеуіл

Д) Дәндібай

Е) Ботай

7.«Жерлері тегіс, жаңбырлы ,әрі  суық келеді» деп үйсін мемлекетінің 

табиғатына сипаттама берілді:

А) Кушан мәліметтерінде

В) Парсы жазбаларында

С) Араб хроникаларында

Д) Қытай деректерінде

Е) Грек еңбектерінде

8.Сармат қоғамында әскери-демократия қатысты болды:

А әскерге жарамды ерлерге

В) ерлер мен әйелдерге

С) қауым мүшелеріне 

Д) лауазымды адамдарға

Е) тек әйелдерге

9.Қола дәуірінен жалғасып келе жатқан салт- дәстүрдің бір түрі:

А) Қойға табыну

В) Отқа табыну

С) Балбал тастарға табыну

Д) Аңыз кейіпкерлеріне сену

Е) Көк бөріге сыйыну

10.Орталық Қазақстанда б.з.б.VІІІ-V ғасырларда «аң стилімен қатар 

дамыған өнер түрі:

А) «Андрондық стиль»

В) «Петроглифтік стиль»

С) «Геометриялық стиль»

Д) « Сыналық стиль»

Е) « Полихром стиль»

11.Қаңлылардың жаздық жайылымдары жетті:

А) Каспий теңізіне дейін

В) Орталық Қазақстан далаларына дейін

С) Моңғолия аумағына дейін

Д) Есіл өзеніне дейін

12.Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан аймақ:

А) Солтүстік Қазақстан облысы

В) Батыс Қазақстан облысы

С)  Ертіс өңірі

Д) Қызылорда облысы

Е) Қостанай облысы                              

13.Алтын бесжұлдыз табылған сақ обасы:

А) Аралтөбе

В) Бесшатыр

С) Есік

Д) Шілікті 

Е) Берел

14.Ежелгі адамдар болып табылатын питекантроптар мен 

синантроптардың атауы:

А) «Епті адам»       

В) «Саналы адам»

С) «Тік жүретін адам»

Д) « Бақташылар»

Е) «Егіншілер»

15.Неандерталь адамы өмір сүрген кезең:

А) Қола

В) Мезолит

С) Палеолит

Д) Энеолит

Е) Неолит

16.Қазақстан территориясында энеолит тұрақтары:

А) Арыстанды,Пеньки

В)  Шебір,Ботай

С) Зеленая Балка,Нұра

Д) Шақпақата,Шабақты

Е)  Пеньки,Секскуіл              

17.« Жер дегеніміз- мемлекеттің негізі,оны қалай береміз ? »,- деген ғұн 

басшысы:       

А) Чжи-Чжи

В)  Мөде

С)  Аттила

Д) Руғила

Е) Баламер

18.Қазақстан жерінде қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым:

А) Массон

В) Ақышев

С) Алпысбаев

Д) Марғұлан

Е) Гумилев

19.Тасмола мәдениеттінің ерекшелігі:

А) Қызыл боямен мәйітті бояған

В) Өлген адамды биік тауларға жерлеген

С) Қыш ыдыстаоды обаға қоймаған

Д) Тау шатқалдарында орналасқан

Е) Адам мен жылқыны қатар жерленген

20. Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің шамамен орын алған уақыты

«Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды.Үңгірлерді 

тазалап күтті,тамақ дайындады,жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді.Бұл 

ұжымдағы аналардың беделін арттырды.Әрбір қауым өз аумағында мекен 

етті.Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер,баспана,еңбек 

құралдары бәріне ортақ саналды.Барлығы бірлесіп орманда аң 

аулады,балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды.Қауымның ішкі 

жұмысын теңдей бөлісті.Әйелдер мен балалар жеміс-жидек 

жинады,еркектер ор қазды,егістік жерді тазалады,жыртқыш аңдарды 

аулады.Қауымның жеке мүшесіне тисті мүлікті,мысалы,найзаны кез 

келгені пайдалана алды»: 

А) Алғашқы  еңбек бөлінісінің пайда болу уақыты

В) «Мұз дәуірінің» басталу уақыты

С) Өндіргіш шаруашылыққа көшу уақыты

Д) Саналы адамның шығу уақыты

Е) Тобырдың қалыптасу уақыты

Басқалармен бөлісіңіз: