1-нұсқа
1.Бесшатыр мен Берел қорымдары орналасқан аймақ:
А) Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
В) Жетісу мен Шығыс Қазақстан
С) Аралтөбе мен Солтүстік Қазақстан
Д) Жетісу мен Балқаштың солтүстігі
Е) Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан
2.Шығысқа өтетін жолын Спитамен бастаған сақтар бөгеді:
А) Македонскийдің
В) І Дарийдің
С) ІІ Дарийдің
Д) Филиптің
Е) Кирдің
3. Сақ жауынгерлерінің қару -жарағы мен сауыт-сайманы табылған қала:
А) Ботай
В) Шебір
С) Арқайым
Д) Шірік-Рабат
Е) Бәбіш-Молда
4.Питекантроп қаңқасы 1891 жылы алғаш табылды:
А) Тұран ойпатында
В) Кро –Маньон үңгірінде
С) Ява аралында
Д) Тесіктас үңгірінде
Е) Олдувай шатқалында
5.Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі:
А) Андрон кезеңі
В) Ру-тайпалық кезең
С) Темір дәуірі
Д) Қола дәуірі
Е) Тас дәуірі
6.Қаңлы мәдениеттері:
А) Ботай,Жетіасар
В) Беғазы-Дәндібай
С) Тасмола,Қауыншы
Д) Қауыншы ,Жетіасар
Е) Андрон,Алакөл
7.Ежелгі Қызыл Аңғар қаласы:
А) Ғұндардікі
В) Сақтардікі
С) Үйсіндердікі
Д) Сарматтардікі
Е) Қаңлылардікі
8.Темір дәуірінде жартылай көшпелі шаруашылық түрі дамыған аймақ:
А) Шығыс Қазақстан, Алтай мен Тянь-Шаньда
В) Батыс Қазақстан Шу,Келес өзендері бойында
С) Сырдария,Шу,Келес өзендері бойында
Д) Батыс Қазақстан, Алтай мен Тянь-Шаньда
Е) Үстірт,Бетпақдала, Орталық Қазақстан
9.Қазақстан аумағында сақ тайпалар одағының мекендеген уақыты:
А) Б.з.б. VІІІ –б.з VІ ғасырлар
В) Б.з.б. VІІІ –б.з ІІІ ғасырлар
С) Б.з.б. VІІІ –ІІІ ғасырлар
Д) Б.з.б. VІІІ –б.з ІІІ ғасырлар
Е) Б.з.б. VІІІ –ІІ ғасырлар
10.Темір дәуірінде мал басының артуынан туындады
А) Еңбек құралдарын көбейту
В) Егіншілікпен айналысу
С) Жеке меншік
Д) Саудамен айналысу
Е) Жаңа жайылымдарға көшу
11.Андрондықтардың жерді қопсытатын құралы:
А) Ирек ара секілді, жүзі өткір құрал
В) Бір жағынан қырланған құрал
С) Екі жағынан қырланған құрал
Д) Басына тас немесе мүйіз орнатылған құрал
Е) Жіп байланған тас құрал
12.Қойма бөлмелерінде тары,бидай,арпа,асбұршақ сақталған қаңлы қаласы:
А) Көк-Мардан
В) Мардан-Күйік
С) Қостөбе
Д) Алтынасар
Е) Пұшық-Мардан
13.Қостанай мен Челябі облыстарының шеарасынан табылған қола дәуірінің қонысы:
А) Бұғылы
В) Қостөбе
С) Алтынасар
Д) Арқайым
Е) Атасу
14.Орталық Қазақстандағы неолит тұрағы:
А) Арыстанды
В) Ботай
С) Зеленая Балка
Д) Шебір
Е) Шақпақата
15.Қазақстан тарихының ежелгі дәуіріне жататын қала:
А) Сайрам
В) Қойлық
С) Имақия
Д) Балықты
Е) Шірік-Рабат
16.Берел қорымынан табылған құнды заттардың бірі:
А) Сандықшаға жерленген адам
В) Қатар жерленген екі адам,13 қола жебе
С) 26 таңбалы күміс табақша
Д) Абыз асатаяғының бөліктері
Е) Әбзелдері алтынмен апталған 16 ат қаңқасы
17. Ерте палеолит мустье кезеңі:
А) Б.з.б 40-12 мың жыл
В) Б.з.б 2,6млн -800 мың жыл
С) Б.з.б 140-40 мың жыл
Д) Б.з.б 12-5 мың жыл
Е) Б.з.б 800-40 мың жыл
18.Ғұн басшысы Мөденің мұрагері:
А) Лаушан
В) Чжи-Чжи
С) Аттила
Д) Хуханье
Е) Бумын
19. Үлкен Берел обасында жерленген адамды жатқызды:
А) Астау-саркофагка
В) жерге
С) сандықшаға
Д) Өртеп күлін көмген
Е) Бөрене үстіне
20 Аммиан Марцеллин ғұндар туралы
Ғұндар күндіз-түні аттан түспейді,сауда-саттығында ат үстінде жүріп жасайды.Олар елеулі істер жайында мәслихатты да ат үстінде ортып жүргізеді.Олардың ешқайсысы егін екпейді және ешқашан соқа ұстап көрмеген. Ғұндар киіз үйлермен көшіп өмірін соларда өткізеді.Әйелдері өздерінің киімдерін тігеді.
Прииск ғұндар туралы
«»Сарай шеберлікпен өңделген бөренелер мен тақтайшалармен салынып,әсем безендірілген.Биік мұнаралары патша сарайының сәнін келтіріп тұр.Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді,әркім қолындағы барымен қанағат етеді.
Марцеллин мен Прииск деректерін салыстырып,олардың арасындағы айырмашылығын анықтаңыз:
А) Сыртқы саясатына байланысты әр түрлі дерек берген
В) Дала нанымдарына байланысты әр түрлі дерек берген
С) Әскери өнеріне байланысты әр түрлі дерек берген
Д) Тұрмыс- тіршілігіне байланысты әр түрлі дерек берген
Е) Қоғамдық құрылысына байланысты әр түрлі дерек берген